00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматыдан Душанбеге ұшатын рейстер саны артады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматыдан Душанбеге ұшатын рейстер саны артады

ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Somon Air тәжік әуекомпаниясы 2022 жылдың 25 сәуірден бастап Душанбеден Алматы қаласына халықаралық рейстердің санын Б737 типті әуекемелерінде аптасына 1 рейстен 2 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар қазақстандық «Эйр Астана» әуекомпаниясы 1 мамырдан бастап Душанбе және Алматы қалалары арасындағы рейстер санын аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін және 1 маусымнан А320 үлгісіндегі әуекемелерін де аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Осылайша, елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 6 рейске жетеді.