Британиялық қайырымдылық ұйымы Антарктидаға почтмейстер іздеп жатыр
Жұмысшының міндетіне пошта бөлімін, кәдесыйлар дүкені мен музейін қарайлап отыру және пингвиндерді санау кіреді екен. Почтмейстерлер бүкіл маусым бойы, яғни қарашадан наурызға дейін базада тұратын болады.
Порт-Локрой базасының тынымсыз жұмысын ескере отырып, біз менеджмент, бөлшек сауда, ғимаратты техникалық жабдықтау, жәдігерлерді қорғау дағдыларын меңгерген үміткерлерді іздеп жатырмыз. Іріктеуден өткендер бес ай бойы бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүреді, сондықтан олардың жай ғана дағдыларына емес, жеке бас қасиеттеріне де назар аударамыз, – дейді UKAHT антарктидалық операциялау жөніндегі менеджері Лорен Лускомб.
Бұл бос жұмыс орнына шетелдіктер де үміткер бола алады, бастысы, оларда Ұлыбританияда жұмыс істеуіне рұқсатты мақұлдайтын құжаттар болса болғаны. Бұл бағдарламаға қатысуға өтінішті қордың сайтында қалдыруға болады.