Жапонияда кәмелеттік жас төмендетілді
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Жаңа заң бойынша, 18 жасқа толған қыз-жігіттер ата-анасының рұқсатынсыз некеге тұра алады. Бұрынырақта қыздар 16 жаста, ал ер азаматтар 18 жаста отбасын құра алатын.
Азаматтық кодекске енгізілген жаңа өзгерістерге байланысты, екінші азаматтығы бар жапондықтар енді тек бір елдің азаматтығын таңдауға мәжбүр болады.
Атап өтетін жайт, заңға енген өзгерістерге қарамастан, кәмелеттік жасқа толғандар әлі де табак, алкоголь өнімдерін сатып ала алмайды, сол сияқты құмар ойындарға қатысып, ақша тіге алмайды. Бұған тек 20 жастан бастап рұқсат етіледі.
Сайлауға қатысу тәртібіне келсек, 2016 жылдан бастап бұл елде 18-ге толғандар дауыс бере алады.
Ұқсас жаңалықтар