Бес ел Ресейге қарсы санкцияларды күшейтеді
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Келіссөздердің нәтижелері бойынша Еуропа елдерінің басшылары Ресейге қарсы санкцияларды күшейтіп, Украинаға әскери, экономикалық және дипломатиялық қолдау көрсетуді жалғастыратынын мәлімдеді.
Сонымен қатар, Италия премьер-министрі Марио Драгидің кеңсесі Еуропа елдері мен АҚШ Украина бойынша келіссөздерді қолдайтынын білдірді. Бес мемлекеттің басшылары сондай-ақ халықаралық энергетикалық архитектураны қайта құру және ресейлік шикізатқа деген тәуелділікті азайтуға қатысты мәселелерді талқылады. Бұған дейін Еуропалық Одақ Украинадағы жағдайға байланысты ресейлік жеке және заңды тұлғаларға қарсы төртінші санкциялар пакетін енгізді.
Ұқсас жаңалықтар