00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Барлық континенттегі өзендер дәрі-дәрмекпен ластанған – зерттеу

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Барлық континенттегі өзендер дәрі-дәрмекпен ластанған – зерттеу

Фармацевтикалық препараттар барлық континенттегі өзендерден табылған. Ең қатты ластанған өзендер Африка, Оңтүстік Америка және Оңтүстік Азияда екен. Олар қосымша зерттеу жүргізуді талап етеді. 

Жұмыссыздық пен кедейлік деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын жергілікті су да соғұрлым лас болған. Зерттеу авторларының пікірінше, сапасыз инфрақұрылым мен жағалау маңындағы қоқыс қалдықтары судағы дәрі-дәрмек мөлшерінің артуына себепші болған. 

Мұндай препараттардың шектен тыс көп болуы тірі ағзалардың репродуктивті функциялары мен мінез-құлқына теріс әсер етеді, сондай-ақ олардың физиологиялық жағынан өзгеруіне алып келеді. 

Ғалымдар қоршаған ортадағы фармацевтикалық препараттарды бақылау арқылы теріс әсерлерді азайту стратегиясын ойлап таба алатынына үмітті.