00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әлемдегі ең сирек кездесетін аурулар (ФОТО)

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әлемдегі ең сирек кездесетін аурулар (ФОТО)

Массагет порталы сондай сирек кездесетін аурулар тізімін ұсынады.

Ұйқысыз бала

Ретт Лемб 3 жасқа дейін ұйықтамаған. Бұл балалардың әдеттегі қыңырлығы немесе ұйқы проблемаларынан емес. Ата-анасы түні бойы онымен бірге отыруға мәжбүр еді, өйткені шын мәнінде ол ұйықтай алмайтын.

Бала мидың ұйқыға жауапты бөлігінің қысылып, бас сүйегіне сыймай қалуынан туындайтын сирек кездесетін ауру – «синдром Арнольда-Киариден» зардап шегетін. Үш жасында Ретт өзін бір жасар бала сияқты ұстаған. Сәтті отадан кейін ғана ұйықтай алатын болған. Қазір ол өзін қалыпты балалар сияқты сезінеді.

Суға аллергиясы бар әйел

Он екі жасында Александра Аллен су аллергиясы белгілерін сезіне бастады. Дәрігерлер анықтаған ауру оны теңіз биологы болу арманынан бас тартуға мәжбүр етті.

Александра өзінің ауруы туралы: «Тері жарылып, үстіне тұз сепкендей ашиды» деп айтады.  Адамдарда су аллергиясы өте сирек кездеседі, осы уақытқа дейін дүние жүзінде 100-ге жуық жағдай тіркелген. Дегенмен, науқас үшін судың түрі маңызды емес, ішетін су,  жаңбыр, көз жасы немесе тер - бәрі бірдей аллергия береді.

Александра жеке гигиенаның басқа жолдарын ойлауға мәжбүр және ол тек денесі сіңіре алатын қантты сусындарды ішеді.

Өткенге үңілетін адамдар

«Шарля Бонне» синдромы көру аймағынан жоғалып кеткеннен кейін объектінің бейнесінің сақталуы немесе қайта пайда болуымен сипатталады. Қарапайым тілмен айтқанда, сіз айналаңыздағы барлық нәрсені 30 секундтық кідіріспен көресіз. Шындығында, бұл аурудың себептері көзде емес, мида жатыр.

Әлемді кері айналдырып көру

28 жастағы Бояна Данилович әлемді төңкеріп көреді. Ол төңкерілген мониторды пайдаланады, ал үйде ол төңкерілген газетті оқып немесе төңкерілген теледидарға қарап дем алады.

Гарвард университеті мен Массачусетс технологиялық институтының сарапшылары сирек кездесетін ауруға қатты таң қалды. Олар оны сирек кездесетін неврологиялық ауру – «кеңістікте бағдарлану құбылысы» деп диагноз қойды.

Әр  минут сайын тамақ ішетін әйел

АҚШ-тық ерекше келбетті танымал модель және блогер Лиззи Веласкес әр 14 минут сайын тамақ ішуге мәжбүр. Әйтпесе, өледі. Ол тәулігіне орта есеппен 60 рет тамақ ішкеніне қарамастан, салмақ қосуына жол бермейтін сирек кездесетін аурумен ауырады.

Ол күніне 5-тен 8 мың калорияға дейін тұтынады. Лиззиде «неонатальды прогероид синдромы» бар деп саналады, оның белгілері тез қартаю, салмақ жоғалту және тіндердің деградациясы.

Нағыз Бенджамин Баттон

39 жастағы Мэттью Кларк зауыттағы жұмысынан айырылды, себебі ол кенеттен нәресте сияқты әрекет ете бастады. Оның 19 жастағы қызы болған.

Бұл қайғылы жағдай лейкодистрофия, мидың ақ затының зақымдалуымен сипатталатын ауыр неврологиялық жағдай деп аталады. Лейкодистрофия кезінде жүйке процестерінің қабығын құрайтын және жүйке жүйесінде сигналдың тиімді берілуін қамтамасыз ететін зат – миелиннің метаболизмі бұзылады. Адам осының салдарынан қартаюдың орнына жасара бастайды. Жалғыз емдеу – сүйек кемігін ауыстыру.