00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Содырлар БҰҰ-ның бес қызметкерін ұрлап кеткен

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Содырлар БҰҰ-ның бес қызметкерін ұрлап кеткен

Annews басылымының мәліметінше, Йеменде орналасқан «Аль-Каида» филиалының мүшелері болған белгісіз содырлар шығыс аумаққа қарай Мудия аймағында БҰҰ қызметкерлері бар көлікті ұстап алып, оларды белгісіз бағытқа қарай алып кеткен.

Йемендегі БҰҰ гуманитарлық көмек үйлестірушісінің байланыс жөніндегі аға кеңесшісі Рассел Гики БҰҰ қызметкерлерді босатуды қамтамасыз ету үшін билікпен тығыз байланыста екенін айтты.

Әзірге ешкім адам ұрлау бойынша жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

Айта кетейік, YPA агенттігі өткен жылы «Халықаралық құтқару комитеті» (International Rescue Committee) үкіметтік емес ұйымы БҰҰ екі көлігін белгісіз содырлар тонағаннан кейін Йемендегі Абьян провинциясына гуманитарлық қызметінің тоқтатылатыны туралы хабарлаған еді.