00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Туризмнің әлемдік ЖІӨ-ге қосқан үлесі пандемияға дейінгі деңгейге оралуы мүмкін

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Туризмнің әлемдік ЖІӨ-ге қосқан үлесі пандемияға дейінгі деңгейге оралуы мүмкін

Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің (WTTC) зерттеуіне сәйкес, пандемия басталмастан бұрын туризм әлемдік экономикаға шамамен 9,2 триллион доллар әкелді. Алайда, 2020 жылы пандемия аталған сектордың толықтай тоқтап қалуына әкеп соғып, бұл 49,1 пайызға дейін күрт құлдырады. Шамамен 4,5 триллион доллар шығын болды.

Дегенмен биыл бұл сектордағы пайда 8,6 триллион долларды құрайды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 6,4 пайызға аз.

Адамдар қайтадан саяхаттай бастағанда үкіметтер жеңілдетілген ережелерді, соның ішінде цифрлық шешімдерді қолдануы керек. Осы ретте, ел басшылары нарықты қалпына келтіруге көмектесуі керек, – деді WTTC президенті және бас атқарушы директоры Джулия Симпсон.