00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

43 мемлекет біздің вакцинамызды алуға дайын – Ералы Тоғжанов

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
43 мемлекет біздің вакцинамызды алуға дайын – Ералы Тоғжанов

Қазақстандық ғалымдардың күмәнсіз табысы Биологиялық қауіпсіздік мәселелерді жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын әзірлеуі болды. Біз бүгінде одан ары ілгерілеп келеміз. Қазіргі уақытта BSL-3, BSL-4 құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл ретте Білім және ғылым министрлігінің рөлі де зор, - деді Е. Тоғжанов.

Вице-премьер мұнан ары да бірлескен жұмыстың жалғасатынын баса айтты.

Елдің атын шығарған үлкен жоба болғанын бәріңіз жақсы білесіздер деп ойлаймын. 6 мемлекеттің ішінен бесінші болып Қазақстан өзінің вакцинасын шығарған елге айналды. Сондықтан бұл үлкен жетістік. Ғалымдардың бәріне рақметімізді айтамыз. Ары қарай да жұмыс көп. Бірге жалғастыруымыз керек. Олардың алдына қойылған тапсырма да бөлек. Қазір 43 мемлекет біздің вакцинамызды алуға дайын екендігін білдіріп отыр, - деді ол.