Анталия 29 жылдан бері алғаш рет қар астында қалды
Телеарнаның мәліметінше, әсіресе Ыстамбұлда жағдай ушыққан.
Қалың жауған қар салдарынан 24 қаңтардан бері жүргізушілер жолда түнеп, мегаполиске бет алған ұшақтардың дені көрші провинцияларға қонған.
Салдарынан Ақтеңіз жағалауын бір-бірімен байланыстыратын жол жабылып, қозғалыс түгелдей тоқтап қалған. Одан бөлек, Ыстамбұл тұрғындары көліктерін қар құрсауынан шығара алмай әлек болған.
Осыған байланысты қала губернаторлығы жеке көліктердің тысқа шығуына шектеу қойған. Мегаполисте қауіпсіздік, денсаулық және тасымал қызметкерлерінен басқа барлық жұмысшыларға демалыс берілген.
Қардың қалыңдығы 80 см жеткен аймақтар бар. Кейбір аудандарда 1 метрден асты. Азаматтарымыздан ескертулерімізді қатаң сақтауларын сұраймыз, – дейді Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлұ.
Десе де, ондаған жылдан бері қалың қарды көрмеген жұрт сыртқа шығып қар атысып ойнап жүр.