Францияда мұғалімдер ереуілге шықты
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Көшеге шыққандар мектептерде санитарлық тәртіптің жиі өзгеретініне наразы. Мәселен соңғы 8 күнде ковидке қарсы қабылданған шаралар 3 мәрте өзгерген.
Наразы топың мәлімдеуінше, білім ошақтарында қажетті медициналық заттар да жеткіліксіз. Сол себепті кей мектептерде педагогтардың 75 проценті жұмысқа шығудан бас тартқан.
Бүгінде Францияда 10 мыңға жуық сынып қашықтан оқу форматына көшті. Бұған аймақтағы эпид ахуалдың ушығуы себеп. Ұстаздар биыл емтихан тапсыратын жоғары сынып оқушыларының білім деңгейі нашарлауы мүмкін деп алаңдайды.
Ұқсас жаңалықтар