Мемлекет басшысы Словакия Президентін Конституция күнімен құттықтады

Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Словакияның Конституция күніне орай Петер Пеллегриниге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент жеделхатта Словакияның демократиялық институттарды нығайту және әлеуметтік-экономикалық өрлеу ісіндегі жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар екі ел арасындағы достық пен өзара құрметке негізделген қатынастардың деңгейі жоғары екенін атап өтіп, оның одан әрі қарқынды дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегринидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Словакия халқына бақ-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 10:04
ШЫҰ саммитінде 20 құжатқа қол қойылды

Бүгін, 09:42
Қазақстанда ШЫҰ-ның Су мәселелерін зерттеу орталығын ашуды қолдаймыз – Президент

Бүгін, 09:40
Президент: Жасанды интеллектіні қарқынды дамытуда ШЫҰ әлемде көш бастай алады

Бүгін, 09:36
Мемлекет басшысы «ТрансАлтай диалогы» бастамасына қолдау білдірді