00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елордада мас жолаушы автобустың терезелерін сындырып тастады (ВИДЕО)

Елордада мас жолаушы автобустың терезелерін сындырып тастады (ВИДЕО)

Елордадағы CTS көлік компаниясы көліктегі бейнебақылау камерасы түсірген бейнежазбаны жариялады. Оқиға 17 сәуірде болған. 

Жолаушы мас күйінде №7 бағыттағы электр автобусының бүйірлік әйнектерін апаттық балғамен сындырған. Полиция қызметкерлері бұзақыны анықтап, мән-жай анықталғанша ұстады, – делінген ақпаратта.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзушы ұсталып, Сарыарқа аудандық полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады.

Биыл 17 сәуірде полицияға сағат 20:00 шамасында белгісіз ер адам автобустың салондарының бірінде отырған кезде терезелерді зақымдап, сол арқылы жолаушыларды қорқытқаны туралы хабарлама түсті. Қоғамдық тәртіпті бұзушы ұсталып, Сарыарқа аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Ол 40 жастағы Павлодар облысының тұрғыны болып шықты, ол медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша алкогольдік масаң күйде болған, - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Бұзақыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы («Бұзақылық»)  бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланды. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады.