00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Көкшетауда тұрғындар жаппай қантқа таласып жатыр (ВИДЕО)

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Көкшетауда тұрғындар жаппай қантқа таласып жатыр (ВИДЕО)

Stan.kz мәліметінше, осыған байланысты Ақмола облысының Кәсіпкерлік және туризм басқармасы түсінік берген.

Ақмола облысының Кәсіпкерлік және туризм басқармасы қазіргі уақытта көтерме саудаға «Тараз қант зауыты» ЖШС-де өндірілген қант түсіп жатқандығын хабарлайды. Онда бүгінгі күні сату бағасы 1 келісі үшін 390 теңгені құрайды.

Сондай-ақ көтерме сауда қоймалары мен бөлшек сауда кәсіпорындарында қант пен басқа да тауарлардың жеткілікті мөлшері бар, қорларды толтыру ағымдағы режимде жүргізіледі. Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ қант сатып алу жұмыстарын жүргізуде, осы аптада 100 тонна қант түсті.

Бұдан басқа, KOKSHE-MARKET әлеуметтік дүкендерінде бұрын сатып алынған (қалған 20 тонна) қант 1 келісі 320 теңге бағада сатылып жатыр (алыпсатарлыққа жол бермеу мақсатында қантты бір қолға жіберу көлемі бойынша шектеу белгіленеді), - деп түсіндірді Ақмола облысының Кәсіпкерлік және туризм басқармасынан.

Сонымен бірге басқарма басшылығы азаматтардан араңдатушылық хабарламаларға бой алдырмауды және дүрлікпе жасамауды сұрайды.

Айта кетсек, әлеуметтік желілерде Көкшетау қаласындағы ірі сауда желілерінде жұрттың жаппай қант сатып алып жатқыны туралы ақпарат тараған еді. Бейнежазбадан адамдардың дүкен сөрелеріндегі қантқа таласып жатқанын көруге болады.