Полицейлер Қызыл кітапқа енген жануарлардың 844 мүйізін тәркіледі (ВИДЕО)
Ақпан айының басында Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының қызметкерлері Қызыл кітапқа енген жануарлардың мүйізін сату қылмысының жолын кесу және алдын алуға бағытталған жедел алдын алу іс-шараларын өткізді. Осы іс-шара барысында полицейлерге мүйіз сатумен айналысып жүрген тұрақты топ туралы ақпарат түскен.
5 ақпан күні Жаңаарқа кентінде жүргізілген жедел іс-шаралар барысында 29 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлік тоқтатылды. Көлікке жүргізілген тексеріс барысында 844 мүйіз тәркіленіп алынды. Автокөліктің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта жүргізушінің екі сыбайласы анықталып ұсталды, – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-1-бабына сәйкес “Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ, пайдалануға тиым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналусы” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған баптың санкциясына сәйкес мүлкін тәркілей отырып, үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.