Алаяқтық жасаған жеке сот орындаушылары әлі жұмыс істеп жатыр: Бақытжан Базарбек министрді сынға алды

Бүгін, 16:46
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Алаяқтық жасаған жеке сот орындаушылары әлі жұмыс істеп жатыр: Бақытжан Базарбек министрді сынға алды
Фото: видеодан скриншот

Үкімет сағатында мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Әділет министрлігінен ұрлық пен алаяқтық әрекеттер жасаған жеке сот орындаушылары неліктен әлі жұмысын жалғастырып жатқанын түсіндіруді талап етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мәжіліс депутатының айтуынша,  прокуратураның 2022 жылы шығарған ұсынысына қарамастан, заңды бұзған жеке сот орындаушылары әлі де жұмысын жалғастырып жатыр.

«Содан бері үш жыл өтті, Сіз жымқыру мен алаяқтық әрекеттер жасаған жеке сот орындаушылары бостандықта жүре береді деп айтқыңыз келе ме?»- деп сұрады ол Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтан.

Бұған жауап ретінде Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев «Бұл мәселеге тек сот қана нүкте қояды» деп мәлімдеді. Алайда Бақытжан Базарбек бұл жауапқа қанағаттанбады.

«Сіз үш жыл қайда болдыңыз? Ұсыныс Әділет министрлігіне дереу орындау үшін жолданған болатын», - деп тағы да сұрақ қойды.

Әділет министрі «Әділет органдары лицензиядан айыру туралы мәселені өз бетінше шешпейді» деп жауап берді.