Жеңіл атлет Кристина Овчинникова Грекияда өткен турнирде жеңіске жетті
фото: Olympic.kz
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова Грекияның Ханья қаласында өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы биіктікке секіру сайысында топ жарды. Овчинникова 190 сантиметр нәтижесін көрсетті.
Айта кетейік, отандасымыз Гумиде өткен Азия чемпионатында дәл осы көрсеткішпен бірінші орын алар еді. Алайда, ол жарысқа қатысушылар құрамына енбеген болатын.
Екінші орынды жергілікті спортшы Татьяна Гкусин (Грекия) - 188 сантиметр нәтижесімен иеленсе, қола медальді Стилиана Иоанниду (Кипр) - 188 сантиметр көрсеткішімен жеңіп алды.
Ұқсас жаңалықтар
1 қараша, 2025
Футболдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Семей» бүгін үшінші ойындарын өткізеді
31 қазан, 2025
Жасөспірімдер Азиадасында Қазақстан құрамасы қай орынды иеленді
31 қазан, 2025
Елордалық дзюдошы Азиаданың күміс жүлдегері атанды
31 қазан, 2025
ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Трактор» командасымен кездеседі
