Өзгенің қолынан өмірден өткен спорт өкілдері
Бүгін мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері Денис Тен тірі болғанда, 30 жасқа толар еді... Elorda.info тілшісі кісі қолынан қаза тапқан спортшыларды санамалап шықты.
Мұстафа Өзтүрік (40 жас) – 1995 жылы таэквондодан 7 дүркін әлем чемпионы. Мұстафа Өзтүрік кенеттен ауырып, ауруханада көз жұмды. Кей деректерге сенсек, оны улап өлтірген деседі.
Мұрат Жексембеков (45 жас) – 1996 жылы көгалдағы хоккейден КСРО-ның 18 дүркін чемпионы өз пәтерінде пышақталған жерінен табылды.
Мардан Сапарбаев – "СКИФ-Ордабасы" футбол клубының негізін қалаушы. 1996 жылы 21 тамыз күні жалдамалы киллердің қолынан қаза тапты. Салдарынан "СКИФ-Ордабасы" клубы қаржылық қиындыққа ұшырап, чемпионатты аяқтай алмай, жабылып тынды. Ол 90-нан астам халықаралық деңгейдегі спорт шеберін, Кеңес Одағы, Қазақстан чемпиондарын, әлемдік біріншіліктер жүлдегерлерін дайындады, оның 48 тәрбиеленушісіне «ҚР еңбек сіңірген бапкері» атағы берілген.
Бексейіт Түлкиев (43 жас) – 1998 жылы Мұстафа Өзтүріктің шәкірті, Джеки Чанның досы, ушу, каратэ, таэквондо спорттарының хас шеберіне 5 қарулы адам шабуыл жасап, қаза тапты.
Бектас Әбубәкіров (28 жас) – 2001 жылы бокстан Азия чемпионы (1995), Атланта Олимпиадасының қатысушысы "Офсайд" кафесінің бильярд залындағы атыстан қаза тапты.
Вячеслав Чиванин (44 жас) – 2001 жылы армрестлингтен тәуелсіз Қазақстаннан алғашқы әлем чемпионы (1992 жыл) спортшы ретінде тарихта қалған, Еуропа чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысы киллердің оғынан қаза тапты. Вячеслав Чиванинді өлтіргендерге соңғы үкім 2019 жылы ғана шығарылды.
Әбдісалан Нұрмаханов (66 жас) – 2002 жылы GANEFO ойындарының чемпионы, КСРО-ның еңбек сіңірген боксшысы, Атланта Олимпиадасында бас бапкер болған бапкерді атып кетті.
Ермек Серіков (20 жас) – 2009 жылы бокстан 3 дүркін Азия чемпионын атып кетті.
Евгений Галузинский (25 жас) – 2017 жылы пауэрлифтингтен жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, 93 келіде Қазақстан чемпионын пышақтады.