WTA 500: Елена Рыбакина жартылай финалға шықты
Қазақстан теннис федерациясы инстаграм парақшасы
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ астанасы Вашингтонда өтіп жатқан WTA 500 санатындағы беделді турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясына жариялады.
Ширек финалдағы кездесуде Рыбакина әлемдік рейтингте 24-орында тұрған Польша өкілі Магдалена Френхты 6:3, 6:3 есебімен сенімді жеңді. Матч 1 сағат 20 минутқа созылды.
«Финалға жолдама үшін Елена канадалық теннисші Лейла Фернандеспен (WTA – 36-орын) кездеседі», – деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Ұқсас жаңалықтар
27 қазан, 2025
Регбиден Қазақстан құрамасы Оманда өткен турнирде топ жарды
27 қазан, 2025
Азия ойындары: Таеквондодан Қазақстан құрамасы бес медаль еншіледі
26 қазан, 2025
Руслан Есеналин Азия ойындарының жүлдегері астаналық Анель Цойды құттықтады
26 қазан, 2025
«Қайрат» – «Астана»: бүгін ҚПЛ чемпионы анықталады
