Теннисші Заңғар Нұрланұлы Латвиядағы турнирде жеңіске жетті
9 желтоқсан, 2024


Фото: ktf.kz
Латвияның Айзкраукле қаласында теннистен жасөспірімдер арасындағы J100 Aizkraukle турнирі аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ITF жасөспірімдер рейтингінде 77-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы финалда Нидерланд спортшысы Хайде Шонмарксты (ITF Juniors рейтингінде 165-орында) 6:3, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.
Өткен жылы дәл осы турнирдің финалдық кезеңінде қазақстандық спортшы өнер көрсетіп, жеңіліп қалған еді.
Айта кетейік, 16 жастағы Заңғар үшін бұл 2024 жылы ITF Juniors турниріндегі үшінші, ал мансабындағы бесінші жекелей титулы.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 09:26
Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

3 тамыз, 2025
Ұландық сарбаздар ІІМ-нің самбодан өткен чемпионатында топ жарды

3 тамыз, 2025
Елордадағы биатлоннан «Grand Tour Biathlon» жарысына рекордтық қатысушы жиналды

2 тамыз, 2025
Руслан Құрбанов: әлем чемпионатындағы көрсеткіштерімізді одан да жоғарлатсақ дейміз