Нариман Құрбанов Азия чемпионы атанды
Фото: ҰОК
2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ат спорты снарядындағы финалда қазақстандық гимнаст 14.933 балл алып, бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Күміс жүлде — Оңтүстік Корея өкілі Вун Хур (14.633)
Қола жүлде — Вьетнам спортшысы Дан Нгок Тхен (14.233)
Нариман Құрбанов үшінші рет Азия чемпионы атанды
Спортшы үшінші рет Азия чемпионы атанып отыр. Бұған дейін ол 2024 жылғы Олимпиадада күміс жүлде алған болатын. Нариманның спорттық мансабы үздіксіз өрлеуде.
«Құрбанов – Қазақстан гимнастикасының брендіне айналды. Оның әр жеңісі – ел спорты үшін тарихи жетістік», – делінген ҰОК таратқан хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
1 қараша, 2025
Футболдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Семей» бүгін үшінші ойындарын өткізеді
31 қазан, 2025
Жасөспірімдер Азиадасында Қазақстан құрамасы қай орынды иеленді
31 қазан, 2025
Елордалық дзюдошы Азиаданың күміс жүлдегері атанды
31 қазан, 2025
ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Трактор» командасымен кездеседі
