«Мен – корольмін»: Жәнібек Әлімханұлы «Канело» Альваресті жекпе-жекке шақырды

7 сәуір, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Мен – корольмін»: Жәнібек Әлімханұлы «Канело» Альваресті жекпе-жекке шақырды
фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Кәсіпқой бокстан орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO)  франциялық Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңген соң мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестке үндеу жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Канело! Сен қайдасың? Мен - орта салмақ королімін! Сен де өзіңді король санайсың! Әлемге екі корольдың жекпе-жегін көрсетейік!»- деп жазды Ж.Әлімханұлы Х парақшасында

Естеріңізге сала кетейік, 6 сәуір күні  елордадағы «Барыс Арена» мұз сарайында отандық және шетелдік бокс жұлдыздарының қатысуымен үлкен тарихи бокс кеші өтті. Кеште Жәнібек Әлімханұлы Франция өкілі Анауэль Нгамиссенгемен жекпе-жек өткізіп, IBF және WBO чемпиондық белбеулерін қорғап қалды.

Оқи отырыңыздар: Президент кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады

Ал Сауль Альварес - WBA, WBC және WBO нұсқалары бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы. «Канело» 3 мамырда кубалық боксшы Уильям Скаллмен (23-0, 9 КО) кездеседі.