Ұландықтар арасында үстел теннисінен турнир өтті


Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының спорт залында үстел теннисінен біріншілік өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарыс қорытындысы бойынша: І орынды Ұйымдастыру-жұмылдыру басқармасы мен Кадрлар және әскери білім басқармасының әскери қызметшілерінен құралған команда иеленді. ІІ орынды жауынгерлік дайындық бас басқармасының командасы иеленді. Ал жүлделі ІІІ орынды Бюджеттік-қаржылық басқару және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының жиынтық командасы иеленді.
Жеке біріншілікте:
І орынды Кадрлар және әскери білім басқармасы бөлімінің аға офицері, майор Саят Шыныбай;
ІІ орынды Бюджет-қаржы басқармасы бастығының орынбасары, полковник Алексей Малых;
ІІІ орын Бронды техника бөлімінің аға офицері, майор Артем Зацепинге бұйырды.
Марапаттау рәсімінде Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Бауыржан Әбжанов әскердің Бас қолбасшысы атынан жеңімпаздарды ауыспалы кубокпен, дипломдармен және грамоталармен марапаттады.