00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Галиб Джафаров: Жеңіске жеткеніме сенбедім

13 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Галиб Джафаров: Жеңіске жеткеніме сенбедім

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында қос қазағымыз Нұрбек Оралбай мен Такатқан Тоқтарбайдың өзара айқасатыны белгілі. Осы орайда Elorda.info тілшісі 2003 жылғы әлем чемпионатындағы ерекше жайтты жазды. 

2003 жыл. Бангкок. Әлем чемпионатының финалы. 57 келі салмақта отандасымыз Галиб Джафаров пен Ақмола облысында туылып, 9 жасында Германияға көшкен Виталий Тайберт өзара чемпиондық атаққа таласты. 

«Виталий Тайбертпен бұған дейін 2002 жылы «Кіші әлем чемпионаты» саналатын Германиядағы Галле турнирінде кездестім. Өкінішке қарай, жартылай финалда 12:18 есебімен жеңілгенмін. Енді әлем чемпионатының финалында жұдырықтасудың сәті түсті. Мен үшін психологиялық жағынан өте қиын болды. Біріншіден, 10 күнге созылған жарыстың шешуші күні. Екіншіден, 2 жыл бұрын әлем чемпионатының финалында жеңілгем. Алғашқы раундта тең түстік. 2 раундта сәл ғана ұпаймен алға шықтым. Қалған раундтарда ұпай басымдығын пайдаланып, 43:35 есебімен жеңдім. Төреші қолымды көтерсе де, жеңісіме сене алмадым. Өйткені, 1996 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының 1/4 финалында төреші менің қолым көтеріп, 1-2 минуттан соң, қарсыласыма жеңісімді берген еді. Украина боксшысынан 10:12 есебімен есе жіберіп, қол созым жердегі жүлдеден тыс қалғанмын. Бангкоктегі финалда да жеңісімді тартып ала ма деп, қорықтым»,- дейді Галиб Джафаров. 

Бір жылдан соң, Афина Олимпиадасында Галиб Джафаров ширек финалда жеңілсе, Виталий Тайберт қола жүлде алды.