Елордада көркем гимнастикадан ашық чемпионат өтіп жатыр
«Думан» спорт кешеніндегі кезекті қалалық ашық чемпионатын Астана қаласы көркем гимнастика федерациясының президенті Сайранбек Әбілқайыр құттықтау сөз сөйлеп ашты.
Жарыстың бірінші күнінде-ақ, гимнасшылар жеке және топтық бәсекеде шеберліктерін ортаға салып жатыр.
Сондай-ақ, ел намысын шетелдік аренада қорғап жүрген бірқатар жерлестеріміз спорттық дәреже атағымен марапатталды.
Чемпионатта жас және спорт дәрежесіне байланысты жүлделер сарапқа салынып жатыр:
- Спорт шебері (2008 ж. және одан үлкендер) қыздар;
- Спорт шеберіне үміткер (2009-2011 ж.) қыздар;
- 1 спорттық разряд (2012-2014 ж.) қыздар;
- 2-3 спорттық разряд (2015 және одан кіші ж.) қыздар.
Айта кетейік, 26-28 ақпан күндері аралығында өтетін сайыс халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) көркем гимнастикадан 2023-2024 ж. қолданыстағы ережелеріне сәйкес өтуде.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ