Елена Рыбакина Монреаль турнирінің төртінші айналымына өтті

1 тамыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елена Рыбакина Монреаль турнирінің төртінші айналымына өтті
Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Монреаль (Канада) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына жолдама алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жарыстың 9-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда рейтингіде 52-сатыдағы румыниялық Жаклин Кристианға қарсы кездесу өткізді. Осыған дейін қарсыластар өзара екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина Кристианға еш мүмкіндік қалдырмады – 6:0. Тартысты өрбіген екінші сетте тай-брейкте Елена таразы басын өзіне аудара білді – 7:6 (7:5).

Бір сағат 23 минутқа созылған бәсекеде қазақстандық спортшы 8 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. 

Айта кетейік, Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін рейтингіде 35-орындағы, украиналық Даяна Ястремскаямен кездеседі.