00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: бәйгеден 3 алтын бұйырды

13 қыркүйек, 2024
Қанат Байұзақов Қанат Байұзақов
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: бәйгеден 3 алтын бұйырды
Фото: Қанат Байұзақ

5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойынының ең қызықты бәсекесі саналатын ат бәйгесінің алғашқы жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алдымен қатысушылар ұшқыр бәйге бойынша 1600, 2400, 3 200 метр қашықтықтықта сынға түсті.

1 600 метр (2 жас). 10 қатысушы

1-орын: Рамазан Табылдиев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тілек Мұқанбетқалиев (Қазақстан);

2-орын: Арлан, жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері – Тұрғанжан Юлдашев, ат иесі – Бұлғынов Мерхат (Қазақстан);

3-орын: Струна, жокей – Расул Алпысбай, бапкері – Есбол Нұрасылов, ат иесі – Асылан Жиембет (Қазақстан)

2 400 метр (3 жасқа дейін). 5 қатысушы

1-орын: Берил Рэйсер, жокей әрі бапкері – Асланбек Байкенов, бапкері Байкенов Асланбек, ат иесі – Бақтияр Байзақов (Қазақстан).

2-орын: Адай, жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тілек Мұқанбетқалиев (Қазақстан);

3-орын: Роузлайн, жокей әрі бапкері – Дәурен Жүсіпов, ат иесі – Қарабай КФХ (Қазақстан)

3 200 метр (4 жастан жоғары). 7 қатысушы

1-орын: Лайф'с Э Бриз , жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері - Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан).

2-орын: Уэст Кост Найт, жокей – Дәурен Жүсіпов, бапкері – Дәурен Жүсіпов, ат иесі – Қарабай КФХ (Қазақстан);

3-орын: Аляска Тайгер, жокей – Рамазан Табылдиев, бапкері - Нұржігіт Табылдиев,ат иесі – Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан)

Енді шабандоздар жорға, құнан, топ, аламан бәйге бойынша жүлдеге таласады.