Бокстан VI жазғы спартакиада: Алғашқы жартылай финалистер белгілі болды
Бокстан Астанада өтіп жатқан VI жазғы ойындарының ширек финалдық жекпе-жектері өтті, деп хабарлады Elorda.info.
48 келі салмақта қарсылас шыдатпай жүрген 35 жастағы Теміртас Жүсіпов бірінші кездесуінде Түркістан облысының жас спортшысы Равшан Тұрақұловқа мүмкіндік бермей, таза жеңді.
Сол секілді өз салмақтарында басты фаворит саналатын Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі) Талғат Сырымбетов (60 келі), әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов (67 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) та қарсыластарынан басым түсті.
Сондай-ақ тартысты айқастар 75 келіде өтіп, Шоқыр Бөлтекұлыны еске алу турнирінде топ жарған Армат Арманұлы мен Бақберген Алиасқаров қолда тұрған жеңістерін уыстарынан шығарып алды.
Аса ауыр салмақта әлем чемпионы Александр Усикпен бірге дайындалатын Нұрсұлтан Аманжолов қайта әуесқой боксқа оралды. Әйтсе де, Олжас Букаевпен өткен кездесуде қос боксшы бір-бірін нокдаунға жіберіп, 4:1 есебімен Олжастың мерейі үстем болды.
Енді Олимпиада бағдарламасына кіретін 51, 57, 63.5, 71, 80, 92 келі салмақта бірнеше әлем чемпиондары шаршы алаңға шығады.