Бибісара Асаубаева Қазақстанда әйелдер арасындағы екінші гроссмейстер атанды

Фото: Туризм және спорт министрлігінен
БАӘ-де өткен Sharjah Masters 2025 супертурнирінде 21 жастағы Бибісара Асаубаева өзінің үшінші гроссмейстерлік нормасын орындап, алғаш рет 2 500 рейтингтік межеден асты. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бибісара 64 гроссмейстер қатысқан турнирде үздік 30-дыққа еніп қана қоймай, әйелдер арасында ең үздік нәтиже көрсетіп, әйелдер Гран-приінің жеңімпазы Чжу Цзиньэр мен Олимпиада чемпионы Дивья Дешмухты артта қалдырды.
Енді тек ФИДЕ кеңесінің алдағы отырысында ресми бекіту қалды, содан соң Бибісара қазақстандық әйелдер арасынан екінші гроссмейстер (GM) атанбақ. Біріншісі – Жансая Әбдімәлік.
Айта кетелік ақтаулық шахматшы Қазақстан тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанған болатын.
Ұқсас жаңалықтар

27 тамыз, 2025
Астанада Конституция күніне орай жаппай жүгіру жарысы өтеді

27 тамыз, 2025
Боччадан Astana 2025 World Boccia Challenger жарысы мәресіне жетті

27 тамыз, 2025
Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққан 32 команда анықталды

27 тамыз, 2025
«Қайрат» футболдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды