00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бүгін Азия ойындарының жабылу салтанаты өтеді

Бүгін Азия ойындарының жабылу салтанаты өтеді
фото: ашық дереккөз

Жабылу салтанаты елорда уақытымен 18.00-ге белгіленген, деп хабарлады Elorda.info  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында 51 жарыс алаңында өткізілді. Бұл мақсатта 14 жаңа кешен салынды.

Дүбірлі додада Азия Олимпиада кеңесі (АОК) құрамындағы 45 елден 12 500-ден астам спортшы келгенін атап өтті. Бұл - рекордтық көрсеткіш. 2018 жылы Индонезияда өткен Азия ойындарына 11 300 адам тіркеліп, жаңа рекордтық көрсеткіш орнаған еді.

Жазғы Азия ойындарында 8 спорт түрінен Париж Олимпиадасына жолдама берілді. Бәсекеде 40 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынды.