Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Фото: IWF
Ауыр атлетикадан Перу астанасы Лимада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Спортшы 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Қоссайыстың жалпы есебінде қазақстандық зілтемірші 262 келіні (117+145) көтерді.
Күміс жүлде түркиялық спортшы Рамазан Йылмазға бұйырды – 261 келі (108+153). Ал үздік үштікті ресейлік Абубакар Цакаев қорытындылады – 252 келі (113+139).
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 10:41
Жасөспірімдер Азиадасында Александр Румынский рекорд жаңартты
Бүгін, 10:01
Дзюдошы Еркен Бекәлі жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды
29 қазан, 2025
Астанада үстел теннисінен тұңғыш рет өткен Қазақстан Республикасы Президенті кубогы мәресіне жетті
29 қазан, 2025
«Қайрат» пен «Семей» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде бақ сынайды
