Қазақстан ҰОК 2026 жылғы Олимпиадаға ресми шақырту алды
19 ақпан, 2025
Фото: olympic.kz
Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына ресми шақырту алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ресми хат Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан жіберілді. Бұл – елдің төртжылдықтың басты қысқы спорттық жарысына қатысуын растайтын дәстүрлі рәсім.
Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиада ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Сол уақыттан бері біздің атлеттер жалпы сегіз медаль жеңіп алды: бір алтын, үш күміс және төрт қола.
Айта кетейік, 2026 жылғы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 08:34
Велотректен Азия чемпионаты: Қазақстан үш медаль жеңіп алды
29 наурыз, 2026
Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екінші жүлдесін жеңіп алды
29 наурыз, 2026
Дзюдошы Данияр Шамшабаев Еуропа кубогында жеңімпаз атанды
29 наурыз, 2026
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында күміс жүлде иегері атанды