Кеше Өзбекстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов құны жағынан әлемдегі екінші клуб саналатын «Манчестер Ситиге» (1,21 млрд еуро) ресми түрде ауысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
20 жастағы ойыншы жаңа клубта 45-нөмірді таңдаған. Себебі ол 2022 жылы дәл осы нөмірмен алғаш рет Беларусь чемпионатында ересектер арасында дебют жасады.
«Манчестер Сити» тарихында 45-нөмірмен бұған дейін тек 4 қана футболшы (Майк Ричардс, Марио Балотелли, т.б.) доп тепкен.
2025 жылдың ең қымбат трансферлері:
1-орын. Хвича Кварацхелия («Наполиден» «ПСЖ-ға» ауысты) – 75 млн еуро;
2-орын. Абдукодир Хусанов («Ланстан» «Манчестер Ситиге» ауысты) – 40 млн еуро;
3-орын. Луис Энрике («Ботафогодан» «Зенитке» ауысты) – 33 млн еуро.
Қазақстан футбол тарихындағы ең қымбат трансферлер:
1-орын. 2011 жыл. Александр Меркель («Миланнан» «Дженоаға» ауысты) – 6,5 млн еуро;
2-орын. 2023 жыл. Бактиер Зайнутдинов («ЦСКА-дан» «Бешикташқа» ауысты) – 4,5 млн еуро;
3-орын. 2013 жыл. Александр Меркель («Дженоадан» «Удинезеге» ауысты) – 4 млн еуро.
Өзбекстан футбол тарихындағы ең қымбат ТОП-3 трансфер:
1-орын. 2025 жыл. Абдукодир Хусанов («Ланстан» «Манчестер Ситиге» ауысты) – 40 млн еуро;
2-орын. 2021 жыл. Елдор Шомуродов («Дженоадан» «Ромаға» ауысты) –19,60 млн еуро;
3-орын. 2020 жыл. Елдор Шомуродов («Ростовтан» «Дженоаға» ауысты) – 9,50 млн еуро.
Келесі рекорд қашан жаңарар екен?