Қазақстан бокстан «Жібек жолы» турнирінде тоғыз медаль жеңіп алды
16 сәуір, 2025
Фото: olympic.kz
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Әзербайжанның Баку қаласында өткен «Жібек жолы» халықаралық турнирінде тоғыз медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бағлан Кенжебек (54 келі) және Нұрбек Мурсал (71 келі) алтын медальға ие болса, ал Санжарәлі Бегалиев (75 келі) күміс жүлде еншіледі.
Қола жүлде иегерлері: Нұрғиса Тұрабеков (48 келі), Жандәулет Сәрсенбаев (54 келі), Ерхан Тұрдан (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асылхан Көшербай (67 келі), Дәурен Мамыр (86 келі).
Осылайша, Қазақстан құрамасы «Жібек жолы» халықаралық турнирін 18 медальмен аяқтады.
Ұқсас жаңалықтар
27 қыркүйек, 2026
Қазақстандық шпагашылар Азия ойындарының чемпиондары атанды
27 қыркүйек, 2026
Алматыда 15-ші Almaty Marathon өтті
27 қыркүйек, 2026
Азиада-2026: Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева алтын медаль жеңіп алды
26 қыркүйек, 2026
Пара дзюдодан елордалық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды