00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық Жəмила Бақбергенова үш дүркін Азия чемпионы атанды

12 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астаналық Жəмила Бақбергенова үш дүркін Азия чемпионы атанды

Астанада Жәмила Бақбергенова жапониялық Сумире Никураны сенімді ұтып, Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлады Elorda.info

Ол - сары құрлық бəсекесінде 3 мəрте жеңімпаз атанған тұңғыш қазақ балуаны.

Қазақстандық күндіз ширек финалда тайбэйлік Пинг Цен Хонгты, сосын жартылай финалда моңғолиялық Даваанасан Энкх Амарды таза ұтты.

2b0e0e78-d140-4a9e-9963-fd4fcbfb3567.jpgЖәмила - былтыр Моңғолияда өткен құрлық бәсекесінің жеңімпазы. Қазір еншісінде Азия чемпионатының 5 медалі бар (3 алтын, 1 күміс, 1 қола).