Астанада «Жігерлі жандар» марафоны өтті
Бүгін елордадағы Ботаникалық бақта Республика күніне орай ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдарға арналған парамарафон өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Жарыс екі қашықтық яғни, 1 және 3 шақырым бойынша ұйымдастырылды.
Дәстүрлі марафонның ашылу салтанатына Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, қоғам қайраткері, Гиннес рекордтар кітабының әлемдік рекордшысы Сергей Цырульников пен «Каспий» спортты дамыту қорының директоры Абдусаид Назаров қатысты.
«Жігерлі жандар» – бұл рухы мықты адамдарға арналған парамарафон. Биыл бұл марафонның ауқымы кеңейіп, қатысушылар саны артты. Алдыңғы жылы алғаш рет Паралимпиада орталығында өткізген едік. Биыл міне Ботаникалық бақта өтіп жатқан парамарафонға 80-ге жуық адам қатысып отыр. Мұндай іс-шараларды өткізу өте маңызды, өйткені сергектік береді және өмірге оң көзқарас қалыптастырады, - деді «Каспий» спортты дамыту қорының директоры А.Назаров.
Айтулы шараның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен медаль табысталды.
Фото: Дене шынықтыру және спорт басқармасынан
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Каспий» спортты дамыту қоры марафонның алдағы уақытта тұрақты өткізіліп тұратынын айтты.