00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада велоспорттан халықаралық жарыс аяқталды

24 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада велоспорттан халықаралық жарыс аяқталды

«Сарыарқа» велотрегінде Silk Way series Astana I және II (CL2) тректерінде велоспорттан халықаралық жарыс өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Иран, БАӘ және Литва елдерінен элита санатындағы спортшылар қатысты.

Жарыс Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) күнтізбесіне кіреді және спортшыларға әлем чемпионатына және сол жерден Олимпиадаға іріктеу үшін қажетті ұпай жинауға мүмкіндік береді.

Қатысушылар мынадай түрлер бойынша жүлделі орындарға таласты: кейрин, омниум, жеке жарыс, топтық жарыс және мэдисон.

Мен Silk Way сериясына екінші рет қатысып отырмын. Бұл жарыс, трек және мұндағы атмосфера өзіме өте ұнайды. Мен барлық мақсатыма қол жеткіздім, бірнеше медаль жеңіп алдым. Маған Астана ұнайды, – дейді литвалық шабандоз, Токио Олимпиадасының қатысушысы Оливия Балейшите.

Жарыс қорытындысы келесідей:

Жеке спринт, ерлер
1-орын – Андрей Чугай (Astana Track Team)
2-орын – Дмитрий Резанов (Astana Track Team)
3-орын – Рамазан Мұхтар

c530099621694678a465f7aa22fe060c_1280x720.jpeg

Жеке спринт, әйелдер
1-орын – Юлия Голубкова (Astana Track Team)
2-орын – Сетаре Заргар (ATZ Track Cycling Team)
3-орын – Фатеме Хадаванд (ATZ Track Cycling Team)

Кейрин, ерлер
1-орын – Андрей Чугай (Astana Track Team)
2-орын – Дмитрий Резанов (Astana Track Team)
3-орын – Лауринас Винскас (Литва ұлттық құрамасы)

Кейрин, әйелдер
1-орын – Фатеме Хадаванд (ATZ Track Cycling Team)
2-орын – Юлия Голубкова (Astana Track Team)
3-орын – Меде Назари (ATZ Track Cycling Team)

Омниум, ерлер
1-орын – Илья Қарабутов (Astana Track Team)
2-орын – Руслан Елубаев (Қазақстан ұлттық құрамасы)
3-орын – Сергей Кармажаков (Astana Track Team)

Омниум, әйелдер
1-орын – Оливия Балейшите (Литва ұлттық құрамасы)
2-орын – Маргарита Мисурина (Tashkent Track Team)
3-орын – Ангела Соловьева (Қазақстан ұлттық құрамасы).

Марапаттау рәсіміне Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасарлары Айгүл Бектенова мен Бекболат Байжанов және "Тең мүмкіндіктер әлемі" ҚҚ тәрбиеленушілері қатысты.

Жарыс барысында орталық тәрбиеленушілеріне велосипедшілерді қалай таныстыратыны туралы суреттер салу ұсынылды.

Іс-шара соңында балалар жеңімпаздарға өз суреттерін сыйға тартты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Silk WAY Series Astana 2018 және 2019 жылдары өткізілген болатын.