Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
14 желтоқсан, 2024
Салтанат Мұратқызы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстандық зілтемірші Артем Антропов ауыр атлетикадан Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Антропов 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Ол жұлқа көтеруде 170 келіні, ал серпе көтеруде 230 келіні бағындырып, қоссайыс бойынша 400 келі нәтижені көрсетті.
Екінші орынды Катар спортшысы Ибрахим Фарес Эльбах иеленді (399 келі, 174+225), ал үшінші орын испаниялық Маркос Руиз Веласкоға бұйырды (395 келі, 183+212).
Айта кетейік, бұл - Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы үшінші медалі. Бұған дейін Алексей Чуркин (81 келі) күміс жүлде жеңіп алса, Нұрғиса Әділетұлы (96 келі) әлем чемпионы атанған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 15:53
Астанадағы Орталық саябақта шаңғы маусымының ашылуы өтеді
Бүгін, 13:32
Елордада футболдан республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті
20 желтоқсан, 2024
Астанада ұлттық спорттан «Алтын тұғыр» сыйлығының иегерлері анықталды
20 желтоқсан, 2024
Қазақстандық волейболшы шетелдік клубтың капитаны болды