00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан боксшылары әлем чемпионатында алты медаль жеңіп алды

Қазақстан боксшылары әлем чемпионатында алты медаль жеңіп алды

Бокстан Қазақстан командасы Нью-Делиде бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын алты медальмен аяқтады, деп хабарлады Elorda.info Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) және Ләззат Кунгейбаева (81 келіден астам) күміс медаль еншіледі.

Сондай-ақ команданың активінде төрт қола медаль бар. Оларды Алуа Балқыбекова (48 келіге дейін), Надежда Рябец (66 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін) және Фариза Шолтай (81 келіге дейін) жеңіп алды.