Үндістанда бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталды
Үндістан астанасы Нью-Делиде 26 наурызға дейін жалғасатын бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгін Қазақстан атынан бір ғана спортшы – Жазира Орақбаева (52 келі) өнер көрсетеді. Жазира Тайвань өкілі Чиа-Хсунь Чанмен жұдырықтасады.
Жерлесіміздің жекпе-жегі Астана уақытымен 14:30-да басталатын күндізгі сессияда өтеді. Кездесуді тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Айта кетейік, Қазақстан спортшылары барлық 12 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді: Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Надежда Рябец (66 келі), Мәдина Нұршаева (70 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Фариза Шолтай (81 келі), Ләззат Күнгейбаева (+81 келі).