Астанада журналистика майталмандарын еске алу турнирі өтті
Астанада БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан ашық турнир өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша, игі шараның мақсаты, қазақ журналистикасының майталмандарын еске алу. Екі жыл қатарынан ұйымдастырылған бастама, енді дәстүрге айналмақ.
Нұртілеу Иманғалиұлы, Бейсен Құранбек, Амангелді Сейітхан. Бүгінде бұл есімдерді білмейтін қазақ жоқ шығар. Бірі «Бай, қуатты болайық!» деп елінің қамын ойласа, енді бірі «жеңісті күндерде жолыққанша» деп көк тудың көкте желбіреуіне тілектес болды. Әрқайсысының қазақ журналистикасында алатын орны бір төбе. Хабар агенттігінде талай жыл қызмет атқарып, көптеген шәкірт тәрбиелеген Амангелді Сейітханның ұлы да болашақта әке жолын жалғастырамын дейді.
Менің әкем өзі футболды жақсы көрді. Осы футбол саласында өзінің мықты екенін көрсетті. Шүкір, қазір сол еңбектері бағаланып жатыр. Осындай турнирлер болашақта болса дейміз, - деді Амангелді Сейітханның ұлы Бегасыл Сейітханов.
Аталмыш шара отандық БАҚ өкілдері арасында осымен екінші рет ұйымдастырылды. Жарысқа қатысушылар жүлдеден құр алақан қалған жоқ. Шараның мақсаты қазақ журналистикасының тарланына айналған ардагер ағаларымызды еске алу. Игі бастама енді дәстүрге айналмақ.
Менің әкем журналист болған. Сондықтан маған журналистикамен,ақпаратпен айналыстын адамдар өте жақын. Біз мынау тірі күнінде көп адамдарды сыйламаймыз, ойлаймыз күнде өмірін сүре береді деп. Шынына келгенде тірі күнінде біздің арамыздағы ең мықты азаматтарды сыйлап,үлкен дәрежеге жеткізіп, қолдан келгенше қолдауымыз керек, - деді қоғам қайраткері Марат Нәбиев.
Бүгін міне БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан ашық турнир ұйымдастырып жатырмыз. Жалпы додаға келетін болсақ, додаға 8 команда қатысуда. Бұлар Жетісу облысынан Қарекет командасы, Экспресс К, Қазконтент, МонкиМедикакз және Қазмедиа орталығы екі бірдей команда әкеліп отыр, - деді ұйымдастырушы Дидархан Әлмұрат.