00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Астанада «Арғымақ» ашық кубогы өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада «Арғымақ» ашық кубогы өтті

Астана қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен ат спортының конкур түрінен «Арғымақ» ашық кубогы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Конкурға Қарағанды, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының сәйгүліктері бес бағдар бойынша сынға түсті.

Жүлде қоры 12 млн теңгені құрайтын жарыс – «Балалар санаты», «Дөнендер жарысы», «Бесті аттар», «6 жастан жоғары» және «Еркін санат» бойынша өтті.

«Балалар санаты» номинациясында үшінші орынды Камила Дуржубаеваның місе тұтса, екінші орынды Жандос Жақыптың «Камелот» есімді аты иеленді. Ал Амина Акшинаның аты бірінші орынға ие болды.

«Дөнендер жарысы» кезеңінде бірінші орын Максим Папихиннің, екінші және үшінші орындар Нұрболат Қартқожақ пен Раися Соколенконың аттарына бұйырды.

«Бесті аттар» жарысында Нұрболат Қартқожақтың «Рабат» есімді аты үшінші орын, Мансұр Мұраттың «Рафиясы» екінші орын және Шыңғыс Маликаджардың «Сальвадоры» жеңімпаз болды.

«6 жастан жоғары» санатында бірінші орынға Айнагүл Мұңайтпасованың, екінші орынға Олег Соколенконың, үшінші орынға Виктория Котинаның сүйгүліктері ие болды.

«Еркін санат» бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1-орынды «Кор Де Ла Виль» атты атпен Шыңғыс Маликаджар иеленді;

2-орын – Азамат Хасенов «Фандорин» атты жылқымен;

3-орын – «Таймаз» атты жылқымен Шыңғыс Маликаджар.