Елордада грэпплингтен Азия чемпионаты өтіп жатыр
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
Астанада грэпплингтен балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы құрлықтық дода өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша, байрақты бәсекеге 1 200-ге жуық қатысушы келді. Енді олар 4 күн бойы жас деңгейлері және салмақ дәрежелері бойынша өзара мықтыны анықтайды.
Айта кету керек, ашық форматтағы жарыс 2017 жылдан бері елордада тұрақты ұйымдастырылады. Тіпті 2018 және 2019 жылдары әлем чемпионатын да қабылдады. Ал дәл осы жарыста жақсы өнер көрсеткен спортшылардан ұлттық құрама жасақталып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындықты бастайды. Атап айтқанда, ересектер арасындағы әлем чемпионаты биыл Польшада болады. Ал жасөспірімдер, жастар және ардагерледің дүниежүізілік додасы Грекияда өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
12 қаңтар, 2025
Қазақстан фристайлдан әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады
11 қаңтар, 2025
Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
11 қаңтар, 2025
Биыл ел спортшылары қандай жарыстарға қатысады
10 қаңтар, 2025
Юлия Путинцева WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты