Қазақстан құрамасы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы (U-18) Софияда өтіп жатқан әлем чемпионатында бесінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Екінші дивизионның В тобындағы матчта хоккейшілеріміз Исландия құрамасын 7:0 есебімен жеңді.
Бұл ойында біздің құрама сапындағы София Зубкова, Мәдина Юсупова, Анастасия Филимонова және София Раковская ерекше көзге түсті.
Осылайша, қазақстандық хоккейшілер бес матчта бес рет жеңіске жетіп, турнир қорытындысы бойынша 15 ұпаймен екінші дивизионның А тобына шықты.
Бұған дейін отандастарымыз Болгария (8:1), Жаңа Зеландия (7:1), Бельгия (5:3) және Эстония (8:0) есебімен жеңген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 12:05
Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Тунисте өтетін турнирге қатысады
Бүгін, 10:19
Неше Олимпиада ойындарының жүлдегері Қазақстан азаматтығынан бас тартқан
12 қаңтар, 2025
Қазақстан фристайлдан әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады
11 қаңтар, 2025
Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді