00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Сотты жалған түбіртекпен алдамақ болған пара беруші сотталды

Сотты жалған түбіртекпен алдамақ болған пара беруші сотталды
Фото: freepik.com

Астаналық тұрғын сот орындаушысын жалған түбіртекпен алдап, қылмыстық жауапкершіліктен құтылмақ болған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлімдеді.

Сот үкімімен қала тұрғыны лауазымды тұлғаларға бірнеше рет пара бергені үшін 240,3 млн теңге көлемінде айыппұл жазасына сотталған. 

Кінәлі тұлға 196 млн теңге мөлшерінде айыппұлды ішінара төлеу туралы сот орындаушысына түбіртектердің көшірмелерін табыстаған. 

«Нұра» ауданы прокуратурасының талдауы барысында бұл сома мемлекет кірісіне түспегені, ал айыппұлдың төленбегені анықталды. Берілген түбіртек жалған екені расталды. 

Аудан прокуратурасының нұсқауы бойынша сот орындаушысы айыппұлды бас бостандығынан айыруға ауыстыру жөнінде сотқа жүгініп, ұсыныс қанағаттандырылды. 

Сотпен айыппұл жазасы 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды», - делінген хабарламада.

Қазір жалған түбіртектерді беру фактісі бойынша толыққанды тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.