00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Азия чемпионаты: Серік Теміржанов алғашқы қарсыласын жеңді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Азия чемпионаты: Серік Теміржанов алғашқы қарсыласын жеңді

Қазақстандық Серік Теміржанов бокстан Аммандағы Азия чемпионатында алғашқы қарсыласын сенімді жеңді, деп хабарлады Elorda.info.

Ол 57 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасты. 1/8 финалда Теміржанов түрікменстандық Ихлас Гылычжановпен кездесті. Қазақстандық боксшы қарсыласын төрешілер шешімімен жеңді. 

Еске салайық, Серік Теміржанов былтыр Белградта өткен әлем чемпионатында күміс медаль алған, сонымен қатар ол – жастар арасында Азия чемпионы.