00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық гимнаст Чехияда өткен Гран-приде қола медаль алды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық гимнаст Чехияда өткен Гран-приде қола медаль алды

Қазақстандық гимнаст Сабина Бакатова Чехияның Брно қаласында өткен Гран-при жарысының кезеңінде қола медаль алды, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Сабина Бакатова Чехияда көркем гимнастикадан өткен Гран-придің кезеңінде лентамен өнер көрсетіп, «қола» алды. «Алтынды» словениялық гимнастшы Екатерина Веденеева, ал «күмісті» франциялық Лили Рамоначо алды.

18 жастағы гимнаст – халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Биыл наурыз айында ол Грецияда өткен танымал Афродита кубогы турнирінде қола медальды жеңіп алған болатын.