00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында күміс медаль алды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында күміс медаль алды

Қазақстандық Арай Нұрлыбекова Бахрейнде өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Elorda.info Қазақстан Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бахрейндегі Азия чемпионатында біздің құрама команданың қоржынына екінші күміс медальды Арай Нұрлыбекова әкелді. Әйелдер арасында 76 келіге дейінгі салмақта қазақстандық спортшы қыз 221 келіні (97+124) бағындырып, жекелеген жаттығуларда екі қола медаль жеңіп алды! - делінген Федерациясының хабарламасында.