«Ұлы дала жорығы»: бәйгеде кім алда
Марафонның алғашқы нәтижесі белгілі болды. Әзірге көш басында маңғыстаулық шабандоздар келеді, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.
Олар 100 шақырымды 7 сағат 31 минутта шауып өткен. Батыс Қазақстаннның шабандоздары олардан сәл кейін, бар-жоғы бір минут кеш келді. Ал үштікті Шымкенттің шабандоздары қортындылап тұр. Бұл команда межеге 7 сағат 59 минутта жетті. Астана қаласы мен Алматы облысының аттары алғашқы күні-ақ жарыс жолынан шығып қалды.
Сондай-ақ, Ақмола командасынан екі ат, Павлодар облысынан бір ат жолда қалды. Әу баста бір күндік меже 12 сағат деп белгіленген. Алайда шабандоздардың барлығы 100 шақырымға 10 сағатқа жеткізбей келді.
Шабандоздар жол-жөнекей ат ауыстырмас үшін арнайы чип орнатылған. Бүгін бәйгешілер шаңдатып Қарағанды облысының аумағына кірді.