00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елордада жастар марафонына 200-ден астам адам қатысты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада жастар марафонына 200-ден астам адам қатысты

«Триатлон» саябағында өткен жарыс 14-29 жас аралығындағы әуесқой спортшыларды жинады, деп хабарлады Elorda.info Азаматтық бастамаларды қолдау орталығына сілтеме жасап.

Жастар марафоны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Алматы» студенттер альянсы» КҚ жүзеге асыратын «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру» әлеуметтік жобасы аясында өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, марафонның негізгі мақсаты – ел жастарын салауатты өмір салтын жүргізуге баулу.

Бүгінгі марафон кейбір қатысушылар үшін рекордтарға жетелейтін алғашқы қадам, басқалары үшін өз күшін тексерудің амалы болды. Біз жас қазақстандықтардың денсаулыққа пайдалы іспен өткізгені үшін шын жүректен қуаныштымыз, - дейді жоба үйлестірушісі Азат Теңгебаев.

«Триатлон» саябағындағы марафонда 14-29 жас аралығындағы 200 қатысушы күш сынады.

Әлеуметтік жоба аясында әскери-патриоттық мұражайларға экскурсиялар, ардагерлермен кездесулер, зияткерлік ойындар, патриоттық акциялар мен шығармашылық конкурстар сияқты маңызды іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланған.